ДДСҰ: Судандағы қақтығыстан 420 адам көз жұмды

Суданда қарулы қақтығыс тоқтайтын емес.

Бір апта ішінде 420 бейбіт тұрғын қаза тапты. 3700-ден астам азамат жарақат алған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы твиттердегі парақшасында осындай мәлімет жариялады. Ұйым өкілдерінің айтуынша, қазір аймаққа гуманитарлық көмек жіберу өте қиын. Елдегі шиеленіске байланысты біраз мемлекет өз азаматтарын эвакуациялай бастаған. Олардың арасында Ұлыбритания, Мысыр, АҚШ пен Иордания елдері бар. Естеріңізде болса, Судандағы қақтығыс сәуірдің 15-інде басталған еді. Содан бері тұрақты армия мен Жедел әрекет ету күштері өзара қырқысып жатыр.