Еуропа Әзербайжаннан газ сатып алады

Еуропа елдері көгілдір отынды Әзербайжаннан сатып алады.

Сейсенбіде Болгария, Румыния және Словакия газ нарығындағы ынтымақтастық жөніндегі тиісті меморандумға қол қойды. Президенті Ильхам Әлиевтің айтуынша, қазіргі таңда Әзербайжан үшін 21-ғасырдағы ең маңызды жоба іске қосылмақ. Соның арқасында мемлекет энергетика саласында үлкен жетістіктерге жетіп, серіктестіктер қатарын кеңейтуге ниетті. Венгрияның Сыртқы істер министрі Петер Сийярто “Еуропа энергетикалық дағдарыстан шығу жолдарын қарастырып жатыр, бүгінгі таңда газ жеткізу мәселесі өте өзекті” екенін ерекше атап өтті. Жоспарға сәйкес 2027 жылға дейін Бакуден газ импорты жылына кемінде 20 млрд текше метрге дейін артуға тиіс.