АҚШ-та Миссисипи өзені асып тасыды
АҚШ-та Миссисипи өзенінің суы көтеріліп, оның бойында орналасқан мекендер зардап шегіп жатыр.
Су тасқыны қаупіне байланысты Висконсин, Айова, Иллинойс штаттарынан тұрғындар эвакуацияланып жатыр. Айова билігі аймақта осыдан 4 жыл бұрынғы табиғи апат қайталана ма деп алаңдап отыр. Мамандардың айтуынша, қардың еруінен өзен осыдан 30 жылдай бұрынғы деңгейге дейін көтерілген.