Колумбияда 340 млн доллардың есірткісі тәркіленді

Колумбияда салмағы 10 тоннадан асатын кокаин тәркіленді.

Ірі көлемдегі есірткінің құны 340 миллион доллар. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Кариб теңізінде өткізген арнайы операция кезінде 9 адам қамауға алынды. Бұл жыл басынан бері тәркіленген ірі партиялардың бірі болып есептеледі.