Малайзияда мұнай танкері өртенді

Малайзияда мұнай танкері өртеніп, кеме экипажының 3 мүшесі жоғалып кетті.

Оқиға осы елдің оңтүстік жағалауына жақын жерде болды. Габон елінде тіркелген танкер Қытайдан Сингапурге бет алып бара жатқан. Оның бортында 28 адам болған. Апаттың себептері анықталып жатыр.