Парижде ереуілшілер полицейді өртеп жіберді
Парижде жүгенсіз ереуілшілер полицейді өртеп жіберді.
Көшеге шыққан шерушілер құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне бензин құйылған бөтелке лақтырған. Соның салдарынан бір офицерді қатты күйік шалды. Өз кезегінде полицейлер ашуға булыққан топтың бұл әрекетіне қарсы көз жасаурататын газ қолданды. Францияда болып жатқан жаппай тәртіпсіздіктер бірнеше қалада тіркелді. Наразылар автокөліктерді өртеп, аялдамаларды қиратты. Мұның бәріне зейнетақы жасының 62-ден 64-ке ұлғайтуға бағытталған реформа себеп болды.