Францияда ерекше көрме басталды
Мұндағы өнімдер жасанды интеллектіге негізделген.
Мәселен, JEPA деп аталған құрылғы санаулы сәтте музыка жазып шығады. Құдды бір адам сияқты. Бұл көрмеден, кісі емдеуден бастап, ғарыш кемелерін ұшыруға арналған озық технологияның да алуан түрін көруге болады.
Бұл әлемдегі ең ірі инновациялар көрмесі. Оған 10 мың стартап тартылған. Қазір жаңашылдықты ChatGPT елестету қиын. Былтыр бұл жасанды интеллектіні әр 15-ші стартап қолданса, биыл оны әрбір үшінші жаңа жоба қажетіне жаратып отыр. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ақылды көзілдіріктер, дәрігерге жараның жазылғандығы туралы ақпарат жіберетін ақылды құрылғылар бар. Медицинадағы жасанды интеллект дәрі әзірлеп, ем-дом жасайды, тіпті науқасқа бір стақан су жеткізіп береді.
Мультфильм кейіпкерінен аумайтын Мирокай - медицина қызметкерінің көмекшісі. Өзі өте зерек. Келер жылы сынақ ретінде шығарылып, 2025 жылдан бастап жаппай сатылымға түспек.
Флориан Небу, компания өкілі:
- Ауруханадағы медицина қызметкерлері уақытының 10 пайызын "барып кел-алып келмен" арлы-берлі шапқылап өткізеді. Біз бұл міндетті жасанды интеллектіге жүктеп, уақыт пен энергияны үнемдейміз.
Жұмыспен қамту саласы да назардан тыс қалмаған. Ұлттық агенттік өз стартаптарын ұсынып отыр. Олар жұмыс іздеуге арналған жүйе жасап шығарған. Әрі алуан түрі бар.
Орельен Фенар, жұмыспен қамту саласындағы жасанды интеллекті бөлімінің басшысы:
- Жұмыссыздарға арналған мемлекеттік стартап жасап қойдық. Біздің нарықтың 75 пайызын хабарландыруы жоқ бос жұмыс орындары құрайды. Оны табу әдетте қиын. Біз соның тиімді әрі оңай жолын жүйеледік. Ол арқылы жарты жылда жақсы жұмыс тауып алуға болады.
Бұл көрме әзірге тек стартап жасаушылар, бизнесмендер мен инвесторлар үшін жұмыс істейді. Апта аяғында ғана барлық адам келіп, тамашалай алады.
Авторлары: Ернат Мелсұлы, Әлия Сыздықова