Шетелдік брокерлердің жұмыс істеуі талқыланды

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шетелдік брокерлердің, биржа саудасына қатысу мүмкіндігін талқылады.

Бұл туралы Комиссия өкілі Ия Малкина мәлімдеді. Осыған байланысты Одақтағы банк және сақтандыру саласындағы заңнаманы 2025 жылға дейін үйлестіру жоспарланып отыр. Ал құнды қағаздар нарығы туралы заң 2029-шы жылы қабылдануы мүмкін. Сондай-ақ, бірқатар халықаралық құжаттардың жобасы әзірленген. Енді ұлттық биржалар брокерлер мен дилерлердің лицензияларын қарасытыратын болады. Жаңа құжаттар одақтағы сауда мен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ия Малкина, Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми өкілі:

- Биыл қаңтар-сәуір айында Одақ елдері арасында сауда айналымы 17 пайызға өсті. Ұйым елдерінің экномикасында оң үдеріс сақталып отыр. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында Жалпы ішкі өнім 98,9 пайызды құрады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру осы жылдың 1-ші тоқсанында 2,9 пайызға өсті.