Virgin Galactic компаниясы ғарышқа туристерді аттандырды

Вёржн Галактик ((Virgin Galactic)) компаниясы жасаған ғарыш кемесі алғаш рет коммерциялық мақсаттағы суборбиталды сапарын жасады.

Оған 3 италиялық жолаушы мен 3 экипаж мүшесі қатысты. Зымыран АҚШ-тағы ғарыш айлағынан ұшып, 85 шақырым биіктікке көтерілген. Ғарыш туристері бірнеше минут көкте қалқып, салмақсыздық күйінде болған. Вёржн Галактик ((Virgin Galactic)) үшін бұл алғашқы сәтті сапар саналады. Бұған дейін ғарыш кемесіне жасалған сынақ жұмыстары сәтсіз аяқталған еді. Ұшқыш қателігінен кеме апатқа ұшыраған болатын.