Испанияда саяси тартыс күшейді

Парламенттік сайлау нәтижесінде оппозициялық оңшылдар коалициясы - Халық партиясы мен премьер-министр Педро Санчес жетекшілік еткен Социалистік жұмысшылар партиясы бірінші орынды бөліспек.

Саяси тартыста екеуі де шамамен 30 пайыздан дауыс жинаған. Осылайша, қазіргі уақытта Санчес партиясы 122 орынға, Халық партиясы 136 орынға ие болып отыр. Халық партисы көш бастап тұрса да, бұл оңшылдардың толығымен үкіметті басқаруына мүмкіндік бермейді. Себебі парламентті басқару үшін 176 орын қажет екен. Егер оңшылдар бірігіп коалиция құрып, билікке қол жеткізсе, 1975 жылы  Франциско Франко қайтыс болғаннан бері олар тарихта алғаш рет билікке келуі мүмкін. Дегенмен, сарапшылар жыл аяғында қайта сайлау өтуі мүмкін деп болжайды.