Таиландта лай көшкіні 12 үйді басып қалды

Таиландтың солтүстігінде бірнеше күн бойы толастамай жаңбыр жауып, өзендер арнасынан асып кетті.

Мэхонгсон өңірінде лай көшкіні 12 үйді басып қалды. Әзірше бір адамның опат болғаны белгілі. Бір жүзден аса адам қауіпсіз жерге көшірілді. Су тасқыны жолдарды шайып жіберіп, бірнеше елді мекен оқшауланып қалды.