Қытай тауар экспортын қысқартты
Қытай экспорты қысқарды.
Себебі сұраныс кеміген. Шілде айындағы сауда өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 14,5 пайызға құлдыраған. Мамандар бұл соңғы 3 жылдағы ең төменгі көрсеткіш дейді. Қытай тауарларын АҚШ, ЕуроОдақ пен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері аз ала бастаған. Арасында Индонезия, Малайзия, Сингапур мен Таиланд бар. Қытай тарапынан импорт та 12,4 пайызға төмендеді. Сарапшылар сырттан келетін тауарлар көлемі әлі 2 есе кемиді деп болжайды.