АҚШ-та алапат дауылдан екі адам көз жұмды
АҚШ-тың солтүстік-шығысында дауыл мен торнадодан 2 адам опат болды.
1 миллионнан аса тұрғын жарықсыз қалды. Ауа райының қолайсыздығынан 2,5 мың әуе рейсі кейінге шегерілді. Жалпы елде соңғы күндері табиғат апатынан 29 миллион адам жапа шеккен. Синоптиктер болса Теннеси штатынан елдің шығысына қарай тағы алапат құйындар соғып, бұршақ жауатынын ескертіп отыр.
Дауыл соққанда үйде болғам. Бір кезде даладан қатты дыбыс естілді. Терезеден қарап едім электр бағаны қасындағы трнсформатор жанып жатқанын көрдім. Содан әлі жарықсыз отырмыз.
"Ханун" дауылынан әуе рейстері кейінге шегерілді
Оңтүстік Кореяда да "Ханун" дауылынан бір апта бойы жаңбыр толастамай әуе рейстері шектелді. Кемелердің қатынауы азайтылды. Сағатына 126 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған жел аймаққа бүгін кешкісін соғады деген болжам бар. Бірақ мұхитта жылжыған дүлей желден түбекте қайта-қайта жауын селдетіп, көлік қатынасын тұралатқан.