Әлем халқының тұрмысы нашарлады

Былтыр әлем халқының әл-ауқаты нашарлап, 2,4 пайызға төмендеген.

Бұл 2008 жылғы қаржы дағдарысынан кейін болмаған жағдай. Мұндай ахуал әсіресе АҚШ-та, Жапония, Қытай, Канада мен Австралияда қатты байқалып отыр. Өткен жылы ауқатты кісілердің де байлығы айтарлықтай азайған. Миллионерлер саны 59 миллион адамға дейін кеміді. Бұған жаһанды жайлаған қымбатшылық әсер етті. Оның үстіне коронавирус пандемиясынан бері келе жатқан қиындықтар да бар. Десе де сарапшылар алдағы 5 жыл ішінде әлем халқының әл-ауқаты 38 пайызға артады деп болжап отыр.