Ұлыбританияда баспана бағасы қымбаттады
Ұлыбританияда үйді жалға алу құны 5,3 пайызға өсті.
Бұл 2016-жылдан бері болмаған максималды көрсеткіш. Әсіресе Лондондағы баспана бағасы шарықтап кеткен. Еуропаның өзге елдеріндегідей, корольдікте де инфляция өршіп тұр. Салдарынан кейінгі екі жылда ірімшік, нан мен май секілді негізгі азық-түлік бағасы үштен бір есе өскен.