Технологиялық алпауыттарға қатысты ереже енгізілді

Технологиялық алпауыттарға қатысты ереже енгізілді

Еурокомиссия Apple мен Microsoft секілді әлемдік 6 ірі технологиялық компанияға қатысты қатаң ереже қабылдады.

Бұдан былай оларға цифрлық қызметтер туралы заң аясында бақылау жүргізіледі.

Қолға алынған шаралар нарықтағы шағын компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жасалып отыр,-дейді мамандар.

Егер технологиялық компаниялар ережеге бағынбаса айыппұл салынады. Оның мөлшері мекеменің әлемдік айналымдағы қаражатының 20 пайызына дейін жетуі мүмкін. Десе де, аталған компаниялар бұл ережемен келіспей, сотқа жүгінуі мүмкін дейді сарапшылар.