Түркияда cел салдарынан 5 адам опат болды
Түркияның екі бірдей өңірі топан сумен арпалысып жатыр.
2 мыңға тарта ғимарат зақымданып, 5 адам опат болған. Ағын судың да қатыты болғаны сонша көлікке дейін ағызып әкеткен.
Түркияның екі бірдей қаласында толассыз жауған нөсер селге ұласты. Салдарынан бір ғана Ыстамбұлдың өзінде 2 кісі қаза тапты. Оның біреуі жергілікті тұрғын болса, екіншісі Гвинея азаматы. Материалдық шығын да орасан. Соңғы ақпарат бойынша 1 754 үй мен ғимарат зақымданған. Арнайы топ зардап шеккен аудандарды аралап, шығынды есептеп жатыр.
Али Йерликая, Ішкі істер министрі:
- Бір шетел азаматы және бір түрік азаматы қаза тапты. 31 кісі жарақат алды. Оның 8-іне медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайлары тұрақты. Зардап шеккен аймақтардағы шығын анықталуда. Бірінші кезекте су тасқыны мен су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 15 мың лира жәрдем беріледі.
Мегаполисте, Арнавуткөй, Башакшехир мен Кучукчекмеже ықшамаудандарын су шайып кетті. Тілсіз жау екпінінің қатты болғаны соншалық, көше бойындағы көліктер сумен қалғып кетті. Қазір топан судың салдарынан опырылған жолдар мен қоқыстарды тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Ал су тасқынынан зардап шеккендердің ішінде баспанаға мұқтаждар қонақ үйлерге орналастырылмақ.
Еркан Гурер, дүкен иесі:
- Көршілеріміз шақырған соң келдік. Мұнда келгенде дүкеніміздің төбесіне дейін су жеткен. Қолымыздан ештеңе келмеді. Шарасыз қалдық. Бұл өте жаман болды. Көліктер дүкендерге кіріп кеткен. Барлық тауарлар жарамсыз. Мұндағы әрбір дүкенде 2 миллионнан 3 миллионға лираға дейін шығын бар.
Меруерт Қанағат, тілші:
- Су тасқынынан жартылай зардап шеккен Башакшехир мемлекеттік ауруханасы мен Чам мен Сакура ауруханасында денсаулық сақтау қызметтері жалғасуда. Бұдан бөлек, осыдан бірер күн бұрын Кырыкларели Демиркөй ауданында тап осылай сел жүрді. Онда 3 кісі көз жұмды. Іс түссіз жоғалған 3 адамды іздеу жұмыстары 300-ден астам кісімен жалғасуда. Метеорологтар алдағы күндерде де жауын- шашынның болатынын ескертіп, тұрғындарды қажет болмайынша сыртқа шықпайға шақырды. Мамандар, соңғы уақыттағы жиілеп кеткен селдің климаттық өзгеріс пен жаһандық жылынумен байланыстырды.