Ауа сапасы алаңдатады
Ауа сапасына аптап ыстық та айтарлықтай әсер етеді.
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым өкілдері осылай деп отыр. Климаттың өзгеруінің салдары жылдан жылға байқалып келеді.
Осы орайда ауаның ластануы мен климаттың өзгеруін бөліп қарастыруға болмайды дейді мамандар.
Ауаның ластануына қатысты мәліметті жариялап отыратын IQAir рейтингінде Индонезия астанасы Джакарта тағы бірінші орында. Үндістанның бас қаласы да тізімнің алдыңғы қатарында. Салдарынан жергілікті тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы 10 жылға қысқарған. Джакартада да, Нью-Делиде де көлік көп. Тиісінше олардан бөлінетін зиянды заттар мөлшері артады. Өнәркәсіп орындары да жетерлік. Экологиялық ахуалдың нашарлауына әсер етіп отырған тағы бір фактор – жиілеп кеткен аптап ыстық.
Лоренцо Лабрадор, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым қызметкері:
- Ауаның ластануы мен климаттың өзгеруін бөліпек-бөлек қарастырудың қажеті жоқ. Екеуі бір-біріне байланысты. Мұны жақында жүргізілген зерттеу нәтижелері айғақтап отыр.
Климаттың өзгеруі салдарынан көп елде аптап ыстық жиілеп кеткен. Тиісінше құрғақшылық пен орман өртінің де қаупі артып барады. Былтыр көп елде температуралық рекордтар тіркелді. Биылғы көрсеткіштер одан аспаса, кем түспейді.
Клэр Нуллис, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым өкілі:
- Өткен үш ай Еуропада ең ыстық жаз деп танылды. Болашаққа болжам көңіл көншітпейді. Алдағы жылдары мұндай жағдай жиі қайталануы мүмкін. Ал мұның бәрі адам денсаулығына кері әсер етеді.
Сөйтіп ғалымдар лас ауа адам денсаулығы үшін темекі, ішімдік пен лас судан да қауіпті дейді. Олармен күреске қомақты қаржы бөлінеді. Бірақ өкінішке қарай, ауаның ластануына жіті мән беріліп жатқан жоқ дейді ғалымдар. Ақша да аз бөлінеді. Сондықтан әлем елдерінің басшылары осы мәселеге көп көңіл бөлу керекті жайлы айтады.
Жұлдыз Атагельдиева, Зәуреш Думанқызы, «Хабар-24»