Жер сілкінісі. Мароккодағы құрбандар саны 3 мыңға жуықтады
Мароккодағы жерасты дүмпуінен опат болғандар саны 2862-ге жетті.
Жарақат алғандар қатары 2,5 мыңнан асады.
Өкінішке қарай, өлім-жітім статистикасы мұнымен тоқтамайтын сыңайлы. Өйткені үйінді астында қалып қойған адамдар бар болуы мүмкін. Осыған байланысты елдегі құтқару операциясы қауырт жүріп жатыр.
Еске салсақ, 8 қыркүйекте Мароккода жойқын жер сілкінісі тіркелді. Оның арты афтершокқа ұласып, ахуал одан сайын ушыға түсті.