Лондонда Шанель әлеміне арналған көрме ашылады
Лондонда француздың атақты дизайнері Габриель Коко Шанельдің өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Келушілер назарына 200-ден астам бұйым ұсынылады. Оның ішінде дизайнердің қара көйлегі, твид матасынан тігілген костюмі, бағалы әшекейлері, иіс сулары мен аксессуарлары қойылмақ. Экспозицияны ұйымдастырушылар осылайша Коко Шанель әлеміне саяхат ұйымдастыруды көздеп отыр. Көрме 16 қыркүйекте ашылады.