Ресейлік сарапшы: Жолдауда ұлттық мүдденің маңыздылығы айтылды
Қазақстан Президентінің Жолдауында дамудың жаңа моделі айқындалды.
Ол мемлекеттің мүмкіндігіне мән бере отырып, әділеттілік пен сындарлыққа негізделген. Ресей Қаржы университеті Халықаралық экономикалық қарым-қатынастарды зерттеу институтының директоры Виктория Перская Қазақстан Президентінің халыққа жасаған Жолдауына тоқталып, негізгі аспектілеріне атап өтті. Сарапшының айтуынша, қазір ең маңызды міндет – өнеркәсіп саласын дамыту. Осы негізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басты бағыттарды белгіледі. «Және бастысы Қазақстан халықаралық сахнада экономикалық байланыстарын өзінің ұлттық мүдделеріне сай құратынын ерекше атап өтті», - дейді сарапшы.
Виктория Перская, Халықаралық экономикалық қарым-қатынастарды зерттеу институтының директоры:
- Жолдауда ұлттық мүдденің маңыздылығы айтылды. Қазақстан өзінің ішкі саясаты мен сыртқы экономикалық қарым-қатынастарын ұлттық мүдделеріне сай жүзеге асыратыны белгілі болды. Бұл өте дұрыс. Осы ретте мен мұғалім ретінде Президенттің ұлттық құндылықтарды сақтауға мән бергенін ерекше атап өткім келеді.