Дернада наразылық шеруі өтті
Су тасқынынан зардап шеккен Дерна қаласында билікке қарсы наразылық шеруі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тұрғындар үкіметтен шаһар инфрақұрылымына жауаптыларды жазалауды талап етіп отыр. Қаланы жедел қалпына келтіру үшін БҰҰ-ның кеңсесін ашып, жапа шеккендерге өтемақы төлеу қажет деп санайды.
Өткен аптада Ливияның шығысында Дэниел дауылы соғып, жаңбыр жауды. Толассыз жауынан Дерна маңындағы 2 бөгет жарылып, су тасыды. Халықаралық ұйымдардың мәлімдеуінше, табиғат апатынан 11 мыңнан аса адам қаза тапқан.
Шеруге қатысушы:
- Біз қаланы басқарған барлық тұлғаны қамауға алып, жазалауды талап етеміз. Олар кезінде жұрттың қарсылығына қарамастан шаһарды басқаруға лайықты деп танылып, лауазымды орындарға отырғызылған болатын.