Лондонда фэнтези жанрына арналған көрме басталды

Лондонда фэнтези жанрына арналған көрме басталды

Лондон кітапханасында фэнтези жанрына арналған ауқымды көрме басталды.

Мұнда "Сақиналар әміршісі", "Тақтар таласы", "Нарния шежіресі" сынды әйгілі ертегі кейіпкерлерінің, жүзге жуық жәдігері мен әдеби туындысы көпшілік назарына ұсынылды. Сиқырлы әлемде олардың тұтынған заттары мен костюмдерін, қолжазбаларын көруге болады. Ұйымдастырушылар "Мазмұнды іс-шара келушілердің заманауи әдебиет тақырыбында, тың әрі қызықты мәлімет алуына мүмкіндік береді" дейді.