Бельгияда екі адамды атып өлтірген қаскүнемнің сыбайласы ұсталды
Бельгияда қос швед азаматын атып кеткен қаскөйдің сыбайласы қолға түсті.
Оның қылмыскерге автоматты мылтық ұсынғаны белгілі болды. Қазір қамауға алынды. Бұл туралы жергілікті құзырлы орган хабарлады. Еске салайық, 16 қазан күні Брюссельдегі матч алаңында оқ атылып, 2 швед азаматы қаза тапты. Ізінше шабуылға қатысы бар деген 44 жастағы тунис азаматы ұсталып, ауруханада көз жұмды. Бельгия астанасында террористік қауіптің қызыл деңгейі жарияланған еді. Оқиғадан кейін елдің Әділет министрі отставкаға кетті.