ДДCҰ басшысы Қарағандыдағы апатқа байланысты көңіл айтты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус Қарағандыдағы шахта жарылысынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.
Ол бұл жайында твиттер желісінде жазды. Жазбада "Барша қазақстандық үшін бүгін өте ауыр күн. Ет жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамын", - делінген.