Франция астанасында Газаға гуманитарлық көмек көрсету талқыланды

Франция астанасында Газа секторындағы гуманитарлық ахуалға байланысты халықаралық конференция өтті.

Шараға әлемнің 80 елдің өкілдері мен халықаралық ұйымдар қатысты. Жиында аймаққа гуманитарлық көмек көрсету мәселесі талқыланды. БҰҰ қарулы қақтығыс дереу тоқтатылмаса өңірдегі ахуалдың одан әрі ушығуына әкелуі мүмкін дейді.

Мартин Гриффитс, БҰҰ бас хатшысының гуманитарлық көмек бойынша орынбасары:

- Газа секторындағы қарулы қақтығыс орман өрті секілді. Шұғыл түрде алдын алмаса, аймақтағы өзге елдерге де тарап кетуі мүмкін. Сондықтан оны тоқтату үшін барлық шараларды қолға алуымыз қажет.

Газа секторындағы ахуал

Ал ресми мәліметке сүйенсек Газада қарулы қақтығыс басталғалы 10 мың 600-ге жуық адам қаза тауып, 26 мыңнана асатам тұрғын жараланған. Тағы 2,5 мың кісі із-түссіз жоғалып кеткен. Өңірде гуманитарлық жағдай күн сайын нашарлауда. 1,5 миллион адам босқынға айналған. Аймақтағы барлық қалада ауыз су мен азық-түлік тапшы. Жұқпалы аурулардың таралу қауіпі күшейген.