Пәкістанда нөсер соңы тасқынға ұласты

Пәкістанда нөсер соңы тасқынға ұласты

Пәкістанда нөсер соңы тасқынға ұласып, 8 адам көз жұмды. Марқұмдардың дені – балалар.

Елде жыл сайын тасқыннан көп шығын келіп жатады. Әсіресе 2022 жылы жағдай қиын болды. Ол кезде мемлекет аумағының үштен бірін су басқан еді. Салдарынан 1800 адам опат болып, 8 миллионы үй-жайын тастап кеткен. 

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында да жаңбыр тоқтамай тұр. Осыған байланысты су басу қаупі туралы ескерту жарияланды. Қалада көлік апаты жиілеп, жолдар жабылған.