Ресейде Орал өзенінің бөгеті бұзылды
Ресейдің Орск қаласында Орал өзенінің бөгеті бұзылды.
Қазір Оренбург облысының тұрғындары жаппай эвакуацияланып жатыр. Өйткені 10 мың тұрғынның өміріне қауіп төніп тұр. 4 мың үйді су шайып кетуі мүмкін. Бөгет ел аумағынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл туралы Урал56.Ру сайты хабарлап отыр. Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы үшін қазір алаңдауға негіз жоқ дейді. Бірақ Орск қаласы Қостанай облысына жақын орналасқан. Төтеншеліктер тәулік бойы көрші елдегі әріптестерімен жедел ақпарат алмасуда. Жағдай бақылауға алынған.