Орынборда Жайық өзені тасып жатыр

Орынборда Жайық өзенінің суы соңғы бірнеше сағатта 5 см-ге дейін төмендеген.

Бұл туралы жергілікті билік мәлімдеді. Мамандар оның деңгейі әлі де түсуі мүмкін дейді. Бірақ кеше жергілікті ақпарат құралдары Жайық суы тағы көтеріліп, оның деңгейі 12 метрге дейін жуықтағанын хабарлаған. Аймақта 62 елдімекенде 14 мыңға жуық тұрғын үй мен 21 мыңдай, жер алқабын су басып жатыр. 16 мыңнан астам тұрғын, қауіпсіз жерге көшірілген. Облыстың, оннан астам ауданында жол жабық.