Экономикалық өсім VS геосаяси ахуал
Биыл жаһандық экономикада оң өзгерістер бар. Жалпы ішкі өнім біз ойлағаннан да жоғары болады.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мамандары осылай дейді.
Ақпандағы болжам бойынша, көрсеткіш 2,9 пайызға өседі. Енді одан кейінгі зерттеулер меженің одан да артып, 3,1 пайызға жететінін көрсетіп отыр.
Биыл әсіресе АҚШ экономикасынан зор үміт бар. Еуропада аса қатты өсім байқалмайды. Есесіне Үндістан мен Қытайға қатысты болжамдар жақсарған. Негізі сарапшылар биыл әлемдік экономиканы оң өзгерістер күтіп тұрғанымен геосаяси ахуалға қатысты бәрі әп-сәтте өзгеріп шыға келуі мүмкін екенін де жасырмайды.