Түркияда жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды
Түркияда жолаушылар ұшағы Алания әуежайына қонар кезде алдыңғы дөңгелегі жарылып, 190 адам эвакуацияланды.
Бұл туралы көлік министрлігі мәлімдеді. Айтуынша, бортта зардап шеккендер жоқ. Германияның Кельн қаласынан ұшып шыққан «Corendon Airlines» компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағының көкте алдыңғы шасси тірегі бүлінген. Бірер күн бұрын дәл осындай жағдай Ыстамбұл әуежайында болды. Ол кезде жүк ұшағы апатты жағдайда қонған еді.
Озан Каракис, Ыстамбұл әуежайының өкілі:
- Ұшақтың ұшып қону жолағынан қашан шығарылатынын дәл қазір айту өте қиын. Алдымен тергеуді аяқтау керек. Содан кейін әуе компаниясы өз ұшағын не істейтінін шешуі керек. Ыстамбұл әуежайының әкімшілігі соған байланысты шешім қабылдайды.