Ресейде автобус апатынан үш адам қаза тапты
Санкт-Петербургте 20-ға жуық адам мінген автобус өзенге құлады.
Салдарынан 3 жолаушы қаза тапты. Алтауы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Автобус жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, екі көлікті соғып, артынша суға құлаған. Жүргізуші қамауға алынды. Апатқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Жүргізушінің әйеліне сілтеме жасаған "112" телеграм каналының мәліметінше, басшылық оны 20 сағат ауысымдық жұмыстан кейін жұмысқа шығуға мәжбүрлеген.