Сутегі энергетикасы саласындағы серіктестік
Грузияда жасыл энергияны дамытуға арналған мазмұнды жиын өтті.
Басқосуда қазақ және гүржі ғалымдары сутегі энергетикасы бойынша пікір алмасып, саладағы жетістіктерімен бөлісті. Қазақстан тарапы Грузияның бейорганикалық химия және электрохимия институтымен тәжірибе алмасуды көздеп отыр. Грузиямен халықаралық деңгейде осы бағыттағы бірлескен жобаларды атқаруға ниетті. Жиын соңында тараптар Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Григорий Татишвили, Р. Агладзе атындағы бейорганикалық химия және электрохимия институтының ректоры:
- Сутегі бұл энергетиканың болашағы. Бізде осы салада серіктестік орнатып, оны дамытуға мүмкіндіктер мол. Бұл салада әр бағытта түрлі жобаларды жүзеег асыруға болады. Біз катодты, электрод материалдарын жасау ісінде мол тәжірибеге иеміз. Ал Қазақстаннан келген әріптестеріміз, мембраналар бойынша білікті мамандар. Сондықтан қос тарап бір-бірімізді толықтыра түсеміз деп ойлаймын.
Қайрат Әбдірахманов, «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің бас директоры:
- Бүгін біз қол қойған меморандум екі елдің академиялық ғылыми тәжіриба алмасуына мүмкіндік береді. Ал болашақта сутегі энергетикасы саласындағы жаңа ғылыми жобалардың жүзеге асуына сеп болады.