OpenAI жасанды интеллектінің кезекті моделін құруға кірісті

Америкалық OpenAI компаниясы жасанды интеллектінің кезекті моделін құруға кірісті, деп хабарлайды 24kz.

Ол GPT5 деп аталмақ. Жаңа модель, бір жағынан ойланып, екінші жағынан жоспарлай алады. Компания жаңа технологиялардан төнетін қауіп-қатерді бағалап, олардың алдын алу жұмысын үйлестіретін, арнаулы комитет жасақтады.

Айта кетеййік, бұған дейін OpenAI әзілдеп, және адамның эмоциясын тани білетін чат-бот жасаған болатын.