Мальдив аралдарында инфекция тарап жатыр

Мальдив аралдарында инфекция тарап жатыр

Мальдив аралдарында қауіпті инфекция тарап жатыр.

Жағдай әсіресе ел астанасы Мале мен Хулхумале аралында күрделі. Кейінгі 3 айда "чикунгунья" деп аталатын дерт 400-ге жуық адамнан анықталған. Күш алып бара жатқан инфекцияның таралуын тоқтату мақсатында билік өкілдері бірқатар шараны қолға алған. Атап айтқанда, инфекция тасымалдаушы жәндіктерге қарсы күресті күшейткен. Себебі бұл дерт адамға маса арқылы жұғады. Бірақ ауру белгілері бірден байқалмайды екен. Араға апта салып қана белгілі болады. Мамандардың айтуынша, инфекция нәрестелер мен қарттарға өте қауіпті.