АҚШ-та жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өтініш саны артты
АҚШ-та жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға өтініш саны артты, деп хабарлайды 24kz.
Былтыр тамыз айынан бері көмекақыға өтінім берушілер қатары 242 мыңға өскен. Ал жыл басталғалы өтініштердің жалпы көлемі 2 миллионға жуықтады. Бұл туралы жергілікті Еңбек министрлігі хабарлады. Олардың сөзінше, мамыр айында жұмыссыз халықтың үлесі – 4%. Бұл кейінгі 2 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Сарапшылар мұны Федералды резервтік жүйенің пайыздық мөлшерлемені төмендетуімен байланыстырады.