Шотландияда дәрігерлер қатерлі ісікке қарсы онкомаркер ойлап тапты

Шотландияда дәрігерлер қатерлі ісікке қарсы онкомаркер ойлап тапты

Шотландияда дәрігерлер қуықасты безі обырын жоюға арналған онкомаркер ойлап тапты.

Олар обыр жасушасына жабысатын бояғышты науқасқа операция жасау кезінде сынап көрген. Ота үстінде ісіктің таралған аймақтарын көзбен анықтау мүмкін емес. «Ал онкомаркер ағзаның жасуша жайылған аумағын анық көріп, сау тіндерді сақтауға көмектесе алды», – дейді мамандар. Қатерлі ісіктің басқа түрлері үшін де осындай маркер әзірлеу жоспарланып отыр.