Бразилияда жасанды түсік үшін жаза қатаңдатылмақ

Бразилияда жасанды түсік жасатқаны үшін әйелдерге қатысты қылмыстық жаза күшейтілгелі жатыр.

Осы үшін әйелдер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Елде жаңа заң жобасы дайындалып жатыр. Құжатта «жүктіліктің 22-ші аптада тоқтатылуы кісі өлтірумен тең» деген жолдар бар. Бұл мемлекттегі зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алу үшін қолға алынбақ. Бірақ нәзікжандар бұған қарсы. Сан-Паулуда 10 мыңға жуық әйел наразылық шеруіне шықты. Көбісі жасыл түсті киім киіп, шарф тақты. Бұл Латын Америкасындағы әйел құқығын қорғауға үндеуді білдіреді.