АҚШ ғалымдары құлақтың шуылын емдеуге арналған құрылғы ойлап тапты
Аппарат құлаққап арқылы шығарылатын дыбыспен тілге әлсіз электрлі импульстарды жібереді.
Бұл адамды жағымсыз күйден арылтуға көмектеседі. Терапияның әсері бірнеше аптадан кейін байқалады. Құрылғыны клиникалық сынақтардан кейін АҚШ денсаулық сақтау министрлігі бекітті. Қазірде оның көмегімен емделген жүз науқастың 87-сінің есту қабілеті жақсарған.