Түркияда өрттен 5 адам қаза тапты
Диярбакырдың Чынар және Мардиннің Мазыдағы аудандары арасындағы егіс алқаптарында өрт шығып, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24KZ.
Тағы 44 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Желдің екпінімен бірер сағатта тілсіз жау елді мекендерге жетті. Түнгі сағат 10 шамасында басталған өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тілсіз жаумен күреске ондаған бригада жұмылдырылды. Өңірдегі кейбір ауылдар эвакуацияланды. Өрт толық сөндірілді. Дегенмен ауа райына байланысты бақылау жалғасып жатыр.
Айта кеткен жөн, кеше Элазығ және Сиирт қалаларында да өрт шығып, бірнеше сағатқа жалғасқан. Ал Чанаккалледе 30 отбасылық ауыл тұрғындары уақытша қауіпсіз жерге көшірілді.
Али Ихсан Су, Диярбакыр губернаторы:
- Сағат 22:15 шамасында Шынар ауданына қарасты Көксалан ауданында шөп өртенді. Қатты желдің әсерінен тез тарады. 3 ауылдық округіміз зардап шекті. Көксалан, Язчичи және Бағажық аудандарында қатты ыстық пен екпінді желден өрт елді мекендерге жетті. Біздің барлық командалар осы 3 аудандағы өртті бақылап отыр, салқындату жұмыстары жалғасып жатыр.