АҚШ-та Шекспирдің ең алғашқы кітабының көшірмесі оқырманға ұсынылды

Вашингтондағы Шекспирдің Фолджер кітапханасында ағылшынның ұлы ақынының ең алғашқы кітабының 82 көшірмесі көпшілікке паш етілді.

Бұрын олар тек академиялық зерттеулермен айналысатын мамандарға ғана қолжетімді еді. Өйткені белгілі бір температураны ұстап тұратын арнайы бөлмеде сақталған. Бірақ 4 жылға жалғасқан қалпына келтіру жұмыстарынан кейін енді оны келушілердің барлығы көре алады. Шығармалар жинағынан бөлек қонақтарға инсталляция ұсынылған. Онда көне баспа машинасымен мәтін теруге болады. Сондай-ақ интеракивті дисплей арқылы Шекспир пьесаларындағы сөздермен сөйлесуге болады. Негізі, Шекспир шығармаларының әлемде 230-ға жуық көшірмесі бар. Солардың көбі Фолджер кітаханасында сақталған. 

Пегги О'брайен, Шекспирдің Фолджер кітапханасының директоры:

"Шекспир шығармаларының ең алғашқы жинағы оның қазасынан кейін 7 жылдан соң, демек 1623 жылы басып шығарылған, Мұнымен ақынмен бірге жұмыс істеген 2 актер қолға алған. Олар кітапта ақынның 36 пьесасын біріктірген. Соның көшіремесінің ең ірі коллекциясы бізде сақталған."