Капри аралында су тапшылығына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Италияның туристер арасында танымал аралы – Каприде төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл – су тапшылығына байланысты қабылданған шешім. Мұнда тіршілік нәрінің жеткізілуіне қатысты техникалық қиындықтар туындаған. Сол себепті аймаққа туристердің келуіне тыйым салынды. Кеше түнде шектеу алынып тасталды. «Десе де, аралдағы жағдай әлі де күрделі», - дейді билік. Осыған байланысты қазір әр отбасына тәулігіне 25 литрден артық су берілмейді.