Газа секторында 39 мың түлек емтихан тапсыра алмады

Газа секторындағы қарулы қақтығыс білім беру саласына зор шығын келтірді, деп хабарлайды 24kz.

Жергілікті мектептердің 80%-і жартылай не толықтай қирап қалған. Біріккен ұлттар ұйымы өкілдерінің келтірген деректері осындай. Мамандар соның кесірінен биыл 40 мың түлек емтихан тапсыра алмаған дейді. Балалардың білім алуын жалғастыру үшін Газада қосымша 300 оқу орны ашылды. Бірақ қазір солардың үштен екісі сабақ оқу үшін емес, атыс-шабыстан қашқан босқындарды қабылдау мақсатында қолданылып отыр.