Қайғылы қажылық
Сауд Арабиясында қажылық кезінде 1 мың 300 адам қайтыс болды.
Олардың жартысына жуығы мысырлықтар. Қалғаны Индонезия, Иордания, Үндістан, Тунис және Сенегал елдерінің азаматтары.
Корольдіктің денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпарға қарағанда, қаза болғандардың көбі заңсыз қажылық жасап жүргендер. Олар қажылық визаны тексеретін бақылау-өткізу пункттерінен жалтарып, ашық күн астында ұзақ сапарға шығуға мәжбүр болған. Салдарынан аптап ыстықта созылмалы аурулары асқынып, шаршап, қайтыс болған.