Space X Falcon Heavy зымыранын ұшырды
Space X компаниясы осымен оныншы рет ғарышқа Falcon Heavy зымыранын ұшырды.
Ол Флориданың Кеннеди ғарыш орталығынан көкке көтерілді. АҚШ-тың ғарыш күштері тапсырысы бойынша Фэлкон орбитаға метеорологиялық жерсерікті ала кеткен. Аталған құрылғы ғарыштағы ауа райына мониторинг жүргізеді. Яғни атмосфералық құбылыстардың дамуын бақылап, магниттік дауылдар туралы ескерту жасайды.
Falcon Heavy әлемдегі ең қуатты және ең көп жүк көтере алатын зымыран саналады. Алғаш рет ол 2018 жылы көкке самғады.