Аргентиналықтар алаңға шықты

Аргентинада жүздеген адам шеруге шықты. Бұл жолғы наразылық акциясына ел үкіметі қабылдаған реформалар себеп болды.

Конгресс ғимараты алдына жиналған жұрттың айтуынша, аталған заң жобалары жұмысшылардың еңбек жағдайын одан сайын нашарлатуда. Өйткені құжатта мемлекеттік шығындарды қысқарту мен жұмысқа орналасу кезіндегі сынақ мерзімін 8 айға дейін ұзарту қарастырылған.

Бұдан бөлек, ірі компаниялар салықтан босатылады. Ал бұл қызметкерлердің бостандығы мен құқығын шектейді дейді шерушілер. Cәуір айында елде отыз жыл болмаған инфляция деңгейі тіркеліп, ол 289 пайызға жеткен. Қазіргі уақытта ел азаматтарының жартысынан астамы кедейліктің кебін киген.