Италияда лай көшкінінен халық эвакуацияланды
Италияның солтүстігінде толассыз жауған жаңбырдан су тасқыны мен лай көшкіні жүрді.
Соның салдарынан жергілікті инфрақұрылымға айтарлықтай зақым келді. Жолдар опырылып, үйлерге су кірді. Бұдан бөлек топан су бірнеше көлікті ағызып әкеткен. Өзендердің тасуынан бірнеше елді мекенмен байланыс үзілді. Қазір құтқарушылар қауіпті аймақта қалып қойғандарды жаппай эвакуациялап жатыр.