Австралияда вейп сатуға шектеу енгізілді
Австралияда вейпті пайдалануға шектеу енгізілді. Заң бүгіннен бастап күшіне енді, деп хабарлайды 24kz.
Соған сай жасыл құрлықта электронды темекіні өндіру, сату және шетелден тасымалдап, сақтау қатаң реттеледі. Олар тек дәріханаларда сатылып, электронды құрылғыда никотині көп болатын түрлері тек дәрігердің рұқсатымен ғана беріледі. Сонымен қатар олардың сыртқы тұрқы барынша қарапайым болуы тиіс. Заңды бұзғандар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 1,5 миллион доллардан аса айыппұл төлеуі мүмкін.