Қытайда торнадодан бес адам көз жұмды
Қытайда дауыл соғып 5 адам опат болды, деп хабарлайды 24kz.
88 адам түрлі дене жарақатын алды. Оқиға Шаньдун провинциясының Дунмин уездінде тіркелді. Құйынның жойқын болғаны соншалық, көліктерді төңкеріп, ағаштарды тамырымен қопарып жіберген. Аймақта үш мыңға жуық ғимарат қирап, 4 мың гектардан астам егіс алқабын жайпап кетті. Электр желісі үзіліп жұрт жарықсыз қалды. Құтқарушылар зардап шеккендерді қауіпсіз жерге шығарып жатыр. Қазір табиғи апаттан келген шығын көлемі есептелуде.