NASA Марста өмір сүру тәжірибесін аяқтады
NASA 1 жылға созылған Марста өмір сүру тәжірибесін аяқтады. 4 ерікті былтырғы жылдың 25 маусымынан бастап АҚШ-тың Хьюстон штатындағы ғарыш орталығында сынақтан өткен.
Ондағы тіршілік «Қызыл ғаламшардағы» өмір жағдайына лайықталған. База 160 шаршы метр аумақты қамтыды. Миссияға қатысушылар тура 378 күн сырт әлемнен оқшау ғұмыр кешті. Олар азық-түлікті өздері өсірді, Жермен байланыс үзілген жағдайда әрекет етіп көрді. Ғалымдар еріктілердің хал-ахуалын қашықтан бақылап отырған. Осы алынған нәтижелер негізінде енді жаңаша алгоритмдер құрылып, технологиялар жасалады. Тағы осындай 2 сынақ 2025 және 2027 жылдары өткізу жоспарда тұр.